Кері байланыс

Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ қою
Байланыс ақпараты
Егер бұрын жасалған келісім-шарт бар болса, неге шартты қайта жасасу керек? Табиғи монополиялар туралы Заңның 27-бабы 2-тармағының 5-тармақшасы негізінде «Тұтынушы: 5) уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға міндетті».
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) шарттары ескі редакцияда жасалған тұтынушылармен жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шарттарды (бұдан әрі - Шарт) қайта жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.
Шартты қайта жасасу қажет болған жағдайда, «ӨЖЖ» АҚ осы тұтынушыларға хабарламаларды алдын ала таратуды жүргізеді.
Неліктен құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну керек? Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 «Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің іс-қимылдарының нақты тәртібімен қызметтер көрсетудің Үлгілік регламенті...» (бұдан әрі-Үлгілік регламент) бұйрығына 2-қосымшаның негізінде шарт жасасу үшін, жеке тұлғалармен олардың түпнұсқаларын ұсынуды талап ете отырып, қажетті құжаттардың тізбесі айқындалды.
Кім келісімшарт /қайта шарт жасай алады? Шартты сенімхат негізінде әрекет ететін иесі, тең иесі, қамқоршысы немесе уәкілетті өкілі қайта жасай алады.
Егер менде бір пәтерге тек 1/Х үлесім болса, келісімшартты қайта жасай аламын ба? Иә, Пәтерге барлық үлестерді немесе жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтаманы қоса бере отырып, пәтердің барлық тең иелері көрсетілетін №2 нысан. (1 күн жарамды).
Сенімді тұлға қандай құжаттар тізімін ұсынуы керек? Шартты қайта жасау үшін келесі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсыну қажет:
1) пәтерге құқық белгілейтін құжаттар (түпнұсқалар);
2) пәтердің техникалық паспорты (түпнұсқа);
3) Egov.kz электрондық үкіметтен тіркелген жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер немесе тұратын адамдардың саны туралы қолхат;
4) пәтер иесінің жеке куәлігі (көшірмесі);
5) сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігі (түпнұсқа);
6) Коммуналдық қызметтерге немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-на қызмет көрсетуге арналған сенімхат.
Егер құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары банкте кепілде болса мен қандай құжаттарды ұсынуым керек? Тұтынушыға ипотекалық кредит беру шартын (түпнұсқасын) және пәтерге құжаттардың көшірмелерін не жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтаманы - № 2 нысанды (1 күн жарамды) ұсыну қажет.
Сенімхатта қандай мазмұн болуы керек? Сенім білдірілген тұлғаға мүлік иесінің атынан жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу мүмкіндігі үшін сенімхатта оның қаланың коммуналдық қызметтерімен немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-мен шарт жасасу құқығын көрсету қажет.